Мәзір
Мектеп туралы ақпарат

Мектеп туралы ақпарат
Негізгі бет

Госзакупки

Информация

ЖАЗ - 2017

Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Ақпарат

Норм-құқ. құжаттар

Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
Бала Құқықтары туралы конвенция
Бiлiм туралы
Конституция – еліміздің Негізгі Заңы Ол туралы тарихи – танымдық түсініктер
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» түсіндірме

Әдістемелік қызмет

«МИФ» әдістемелік бірлестігі
«НҰР» (ҚАЗАҚ ТІЛІ, ТАРИХ, ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ) ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі
Мектеп алды және бастауыш әдістемелік бірлестігі

Нұсқаулықтар

Баланы ұрып тәрбиелеуге бола ма?
Ережелер
Ата-аналар үшін жадынама
Сынып жетекшілер мен мұғалідерге ұсыныстар
ҰБТ 2017
Оқушыларға арналған қызықты тесттер

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Ақпарат

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Қамқоpшылық кеңес

Ақпарат

МДС

Ақпарат

Сабақ кестесі
1-ші ауысым

1 Сабақ - 08:00 - 08:40
2 Сабақ - 08:45 - 09:25
3 Сабақ - 09:40 - 10:20
4 Сабақ - 10:25 - 11:05
5 Сабақ - 11:20 - 12:00
6 Сабақ - 12:05 - 12:45
7 Сабақ - 12:50 - 13:30
8 Сабақ - 13:35 - 14:15

2-ші ауысым

1 Сабақ - 13:35 - 14:15
2 Сабақ - 14:20 - 15:00
3 Сабақ - 15:15 - 15:55
4 Сабақ - 16:00 - 16:40
5 Сабақ - 16:55 - 17:35
6 Сабақ - 17:40 - 18:20
7 Сабақ - 18:25 - 19:05

Қосымша ақпарат

Сабақ кестесі

Күнтізбе
«    Декабрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
Күнделік
Пайдалы сілтемелер
Наш опрос

Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился


Негізгі бет » Оқушыларға арналған қызықты тесттер


Оқушыларға арналған қызықты тесттер



Бүгінде сөмкенің сан түрі болғанымен, оны қыз-келіншектер өзінің ыңғайына қарай ұстайды. Ал сіздің ұстап жүрген сөмкеңіз сіз жайында ақпарат береді. Ендеше өз болмысыңыз жайында сөмкелер не дейді?
А... Бірінші алманы таңдадыңыз ба? Демек, сіз өте әділ жансыз. Сөзі мен ісі сәйкес келмейтін әрекет сізге мүлде жат. Бар ойыңызды ақтарып, жайып саласыз. Ешнәрсені іште бүгіп қалмайсыз. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде болғанымен, сіздің ішіңіз қандай болса, сыртыңыз да дәл сондай болып көзге ұрып тұрады. Аузыңызды ашсаңыз, жүрегіңіз көрінеді. Өзімен өзі болу – сіз үшін нағыз адами қасиет.
В... Сіз ашық, ойнақы адамсыз әрі қуатыңыз мол. Егер өмірде тұзды мен тәтті қатар келетін болса, сіздің өміріңізде тұздалған тұсы көп. Шиеленіске толы тосын оқиғаларды ұнатып қана қоймай, қажет етесіз де. Қарап отыра алмайсыз, үнемі қозғалыста, әрекетте боласыз. Қайтпас қайсар әрі заманауи жансыз. Барлық жаңалық пен жаңа нәрселер қызығушылығыңызды оятып, назарыңыздан тыс қалмайды. Сіз үшін барлық тәтті-дәмді себілген карамельдегі алмаға жетері жоқ.
С... Сіз таңғажайып тұлғасыз. Өзіңізді әлемдегі ең қызықты адамдар санатына жатқызбағаныңызбен, өзгелер сізден қызығарлық өзгеше қасиет тауып алады. Өмірге деген құлшынысыңыз айналаңыздағы адамдарға жігер беріп, шабыттандырады. Келесі қадамыңызда, болашақта не істейтініңізді болжау мүмкін емес. Ешкімді таңдандыруға талпынбасаңыз да, басқалар сізге қарап таңдай қағудан талмайды. Атақ-абыройыңыз артық болған соң, барлығы кеңесіңізге құлақ түреді. Түрі тәбет ашып, дәмі тіл үйіретін, үйде пісірілген алма бәлішін бәрінен артық көресіз.
D... Сіз өте сенімдісіз. Тұрмыстың кез келген сынағына байыппен қарап, пайымды пікір қалыптастырасыз. Өн бойыңыз сабырлылық пен ұяңдыққа тұнып тұр. Сөйлегенге қарағанда, тыңдағанды артық санайсыз, осы тепе-теңдікті бұзбайсыз. Сізге сенім білдіргендер, жетелеген жағыңызға ере береді. Сізбен бірге суға да, отқа да түсуден тайынбайды. Бастысы сіздің оны батырмай да, күйдірмей аман алып шығатыныңызды жақсы біледі. Сізге рахат сыйлайтыны – бір шыны ыстық алма шарабы (сидр). Қолдан жасалған болса, тіптен жақсы.
E.... Сіз өмірге дән ризасыз. Тосын оқиға іздеудің қажеті жоқ, әдеттегі, бірсарынды өткен күннің өзі сізге шаттық сыйлайды. Әр күннің иісін, түрін, дыбысын, дәмін ғажайыптай сезінесіз. Үйреншікті дағдының өзін ерекшелендіруден рахат табасыз. Өмірдің әр сәтінен мағына тауып, әр минутты алтындай қадірлейсіз. Табада қызып тұрған алма құймағын тым жақсы көресіз.
F... Сіз асқан ақылды жансыз. Миыңыз тоқтаусыз жұмыс істейтін зерек кісі сіздей болады. Барлығын іс барысында ойша елестетіп, тез шешім шығара білесіз. Аса тіл табысқыш болмасаңыз да, қажет жерінде кез келген адаммен оңай араласып, өмірсүйгіштік қасиетпен таныласыз. Өзгелер сізді көпшілік ортаның адамы санатына қосады, ал сіз сәйкесінше олардың ішін пыстырмай, көңілін көтеруге қабілеттісіз. Қызу мінезділік те, зияткерлік те бір бойыңызға үйлескен. Уылжып піскен фермерлік алма жаныңызға рахат сыйлайды. Қарапайым әрі дәмді.





Тест зеректілік пен байқампаздыққа

Ережесі: 1-90-ға дейінгі сандарды суреттен қарап санап шығуларыңыз керек.. уақытты санаймыз ... кеттік:)

Егерде 1-90-ға дейін санау барысында сізге:

10 минутқа дейін уақыт кетсе , – сіз өте зерек және байқампаз адамсыз.
10 – 15 мин, — сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз жақсы.
15 – 20 минут, — сіздің байқағыштығыңыз бен зеректілігіңіз орташа.
20 минутан көп уақыт кетсе, —сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз төмен, бірақ сіздің сабырлылығыңыз бен шыдамдылылығыңызға қызығуға болады...

Бұл тест сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңызды дамытады. Сондықтан бір рет емес, бірнеше рет қайталап көрсеңіз болады.....




Хат таңдаңыз. Сізді не күтіп тұр?



Алда не күтіп тұрғанын білгіңіз келе ме? Мүмкін сізге біз ұсынған тест көмектесетін шығар. Ол үшін суреттегі төрт хаттың бірін таңдаңыз.
1-хат ....Махаббатта олыңыз болғалы тұр. Теңіз мұхитында жүзіп, бақыттан басыңыз айналады, сыңарыңыз сізге осындай тосын сый дайындап жатыр. Ал екінші жартыңызды әлі жолықтырмаған болсаңыз, көптен күткен сәт жақындап қалды, сәл шыдаңыз.
2-хат.... Нағыз жолыңыз болғыш жан екенсіз. Қаржылық жағдайыңызды жақсартып алуға таптырмас уақыт келе жатыр. Тым жуық арада марапаттап, мадақтап, сый ақы бөледі. Лотерея ойнасаңыз да, ұтып кетуіңіз мүмкін. Тәуекелге бел байлайсыз ба?
3-хат ...Жүрегіңіз өзгерісті қалап жүр еді ғой. Міне, қалағаныңыз өзі-ақ келе жатыр. Таңғажайып шытырман оқиғалар тым жақын қалды. Жалықтыратын істің барлығын тастап, демалыс алыңыз. Саяхатқа шығыңыз. Қайда, кіммен баратыныңыз маңызды емес, тек жақсы да жаңа таныстықтарға мүмкіндік туатын, ұмытыылмастай әсер қалдыратын жаққа тартып отырыңыз.
4-хат ...Тағдыр сізге күлімсіреп келеді. Жүйкеңізді жұқартқан сәтсіздіктер, әркімнің күлкі етуі, әртүрлі жағымсыз жайлар аяқталуға шақ қалды. Өмірдің қара жолақтары өшіп, ақ сызықтарға орын береді. Сәттілік сіздің жағыңызға шығады. Мәселелердің барлығы күліп қана еске алатын естелікке айналады.