Қазақстан Республикасының Туы
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Әнұраны
Мектеп туралы ақпарат
Негізгі бет
Нормативтік құқықтық акт
Азаматтарды қабылдау кестесі
Электронды үкімет порталы
Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
Бала Құқықтары туралы конвенция
Бiлiм туралы
Конституция – еліміздің Негізгі Заңы Ол туралы тарихи – танымдық түсініктер
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
«МИФ» әдістемелік бірлестігі
«НҰР» (ҚАЗАҚ ТІЛІ, ТАРИХ, ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ) ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі
Мектеп алды және бастауыш әдістемелік бірлестігі
Баланы ұрып тәрбиелеуге бола ма?
Ережелер
Ата-аналар үшін жадынама
Сынып жетекшілер мен мұғалідерге ұсыныстар
ҰБТ
Оқушыларға арналған қызықты тесттер
Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде 05.10.2020 ж. Zoom платформасында 1-11 сынып ата-аналары жиналысы өткен болатын, сонда басты мәселе бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау, мектептің ағымдағы 2020 жүргізілген жөндеу жұмыстары жайлы мектеп директоры баяндаған.
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлмінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі»
Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі құжаттарды қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатыны және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) белгіленген талаптарына, яғни 10-тармағына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды портал немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште қабылдау белгіленген.
Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты
Жұмыс кестесі сағат 9.00 бастап 18.30 дейін, жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма (демалыс және мереке күндерін санамағанда), үзіліс уақыты: сағат 13.00-14.30. тел.56-46-22
Информация о доступности организации образования для маломобильных групп
№ |
Наименование организации |
Адрес |
Телефон |
Часы работы |
Создание безбарьерного доступа (наличие пандуса, кнопки вызова) |
Место нахождение зоны оказания государственных услуг |
1 |
ГУ «СШ №9им Г.Кайырбекова ОО акимата города Костаная» |
Кайырбекова, 334 |
56-57-18 |
9.00-18.00 |
имеются |
Кайырбекова, 334 |
«Конституция сабақтары»
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» ММ-де 4-9 қыркүйек аралығында 1-4 сыныптар арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл» атты сынып сағаттары өткізілді.
Оның мақсаты: Конституциялық-құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, оқушылардың Конституциялық патриотизмін дамыту.
Штаттық режімде 1-4 сыныптарының сынып жетекшілері сынып сағаттарын пікірталас, ойын, викторина ретінде өткізді.Барлығы штаттық режимде бұл сабақтарға 9 кезекші сынып қатысты. Іс-шара барысында оқушылар конституциялық құқықтар мен міндеттер туралы білім деңгейін арттыруға ықпал еткен Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерімен танысты.
Ал қашықтық форматта оқитын балалармен сынып сағаттары ZOOM платформасы және Whatsapp желісі арқылы бейнематериал, презентация, пікірталас жүргізу арқылы тиімді өткізілді.
|
Қазақстан Республикасы |
"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкіме" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар
субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - портал);
5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, білім беру ұйымыдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
4. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
6. Мемлекеттік корпорация құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы жеткізуді 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
9. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, баланың туу туралы куәлігін, некеге тұруды куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
10. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама (жолдама) (бұдан әрі - жолдама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
11. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
12. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
13. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және жолдама алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
"Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
|
Нұр-Сұлтан, Алматы және |
Өтініш
Менің кәмелет жасқа толмаған (Т.А.Ә. (бар болғанда) туған күні және жеке сәйкестендіру нөмірі) (мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды _______________________________________________(оқу жылын көрсету) қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне қосуды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.
"___" _____________20__ жыл қолы
|
"Мемлекеттік білім беру |
"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, білім беру ұйымдары |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні. |
4 |
Көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 |
Құжаттардың тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
|
"Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып,
"Азаматтар үшін Үкімет" Мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес
қоғамы филиалының № __ бөлімі____________________________________
(мекенжайды көрсету) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты
_________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________________________________________;
2) ____________________________________________________;
3) ____________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (бар болғанда)
(Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) __________________ (қолы)
Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________
Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ____________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы) "___" _____________ 20__ жыл
2019-2020 оқу жылына арналған инновациялық және эксперименталды қызметінің талдауы
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы
№9 орта мектебі» ММ
2019-2020 оқу жылына арналған мектепте білім беру кеңістігінде
инновациялық-эксперименттік қызметті ұйымдастыру туралыҚостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 20.09.19 жылғы № 1181 бұйрығы
Эксперимент мақсаты: оқушыларға латын әліпбиінің тарихын, сөздердің түрленуінен, тіл категориялары, грамматика салалары, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтары туралы түсінік бере отырып, оқытуда даралауға және өз пікірін еркін жеткізуге, ойын жүзеге асыруға бағдарлау, мобильді қосымшаларда еркін жұмыс жасауға, емле ережелерін ескере отырып латын әліпбиінде сауатты жазуға,оқуға машықтандыру, ұжым мұғалімдері, ата-аналар арасында латынға көшу жұмыстарын насихаттау.
Эксперимент міндеттері:Оқушының жалпы ой-өрісін жетілдіретін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын, байқағыштық қабілетін арттыруға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізу. Латын әліпбиі бағдарламасы талап еткен грамматикалық мағлұматтарды жете меңгерту. Оқушылардың пән негізін терең қабылдауын қамтамасыз ету. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушы шығармашылықпен жұмыс істейді; өз бетінше ізденеді, қажетті ақпаратты жинайды; латын қарпінде сауатты жазуға, оқуға дағдыланады; мобильді қосымшаларда жұмыс жасай отырып, бәсекелестікке үйренеді. Жинақталған тәжірибені облыс, қала көлемінде бөліседі.
Жыл бойы эксперимент алаңының жоспары бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. «Латын графикасына саяхат» атты таңдау курсы дайындалып,4Б сыныбында үйірме жұмысы жүргізілді. Эксперимент қатысушылары 15 оқушы. Былтырғы оқу жылында бір ғана сыныпта латын әліпбиін үйрену бойынша үйірме болса,биылғы оқу жылында 9 сыныпта яғни 1а,ә,б,в, 4а,ә,б,в және 2в сыныбында үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, латын әліпбиіне үйрету жүргізіліп келді. «Латын әліпбиіне көшу мәселесі» атты желтоқсан айында 1-8 сыныптарға арналған мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болды. Барлығы 115 ата-ана қатысты. Мақсаты: латын әліпбиін насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Баяндаманы облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушысы және тренері Талапова Г.М. оқыды.Жиналыс соңында алғыстарын айтып, қажетті мәлімет алғандарын білдірді. Қараша айында қазақ мектептерінің қатысуымен «АТАЖҰРТ» интеллектуалды байқауы өткізілді. Былтырғы оқу жылында 9 мектеп қатысса,биыл 11 мектеп қатынасты. Әрине бұл байқауда да латын әліпбиіндегі мобильді қосымшалармен жұмыс жасалып, насихаттау жұмыстары жалғасты.Өрлеу АҚБАОұйымдастыруымен болған дөңгелек үстелде «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» біздің эксперимент алаңының жұмыстары таныстырылды.
Эксперимент алаңының тәжірибесімен бөлісу мақсатында Ергалиева М.А. «Қостанай таңы», Жумагулова Г.Б., «Қостанай даусы» газеттеріне мақала жариялады. Желтоқсан айында мектепте «Латынға көшу жұмыстарын ұйымдастыру және насихаттау» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Алаң жұмыстарындағы тәжірибесімен Ергалиева М.А., Якупова Н.А. бөлісті. «Латын графикасына саяхат» атты 3-сынып оқушыларына арналған интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.Ақпан айында қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес біздің мектебімізде «Латын әліпбиіне көшу – біздің тәжірибемізде» атты қалалық семинар өткізілді. Қала мектептерінен 28 мұғалім қатысты. Семинар барысында 8 сабақ көрсетіліп мына бастауыш сынып мұғалімдері латын әліпбиін меңгерту тәжірибелерімен бөлісті.(Макенова Б.Н., Түлкенова А.М., Жакаева А.Б., Баймухамбетова ж.К., Досанова Г.Н., Досбаева Г.Г., Якупова Н.А.). Және де эксперимент жетекшісі Ергалиева М.А. мынадай іс-шараларға қатысып, эксперимент алаңындағы жүргізіліп жатқан тәжірибесімен бөлісіп отырды:
«Қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа емле ережелерін түсіндіру» облыстық семинар. Қазан 2019. Сертификат №138.
«Қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа емле ережелерін түсіндіру» атты облыстық семинар. Қазан 2019
Облыстық тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырған «Қостанай облысының білім беру мекемелерінде қазақ тілінің латын графикасына көшуі» дөңгелек үстел. Қараша 2019.
Өрлеу АҚБАОұйымдастыруымен болған дөңгелек үстелде «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» біздің эксперимент алаңының жұмыстары таныстырылды.
Эксперимент жетекшісі Ергалиева М.А. және үйірме жетекшісі Якупова Н.А. екеуі бірігіп 3-сыныпқа арналған «Латын әліпбиін үйренейік» таңдау курсын жасап шығарды. Және наурыз айында облыстық оқу әдістемелік кеңеске ұсынылды.
Нәтижесі қаралып жатыр.Таңдау курсы мынадай жинақтан құрастырылды:
Бұл құрал 3- сынып оқушыларының латын графикасын оқуға, жазуға бағытталған. Бағдарламада жылдық, апталық сағат саны, тақырыптары,әр тақырыптың меңгерілу мақсаты көрсетілген. Жұмыс дәптерінде кестемен жұмыс, сөзжұмбақ, жұмбақтар , ребус шешу, сөздерді сәйкестендіру, мәтінге ат қою, мәтінді толықтыру сияқты тапсырмалар қамтылған.Тапсырмалардың мазмұны тіл және сөйлеу, сөйлеу мәдениеті,дыбыс және әріп, буын, дыбыс үндестігі, мәтін, сөз таптары, сөйлемнің бірыңғай мүшелері, мақал-мәтелдерді қамтиды. Ережелер жинағында оқушы емле ережелерін ескереді. Жинақ толығымен оқушының латын әліпбиін үйреніп шығуына бағытталған. Мәтіндер жинағында әр оқушының оқу дағдысының қалыптасуына бағытталған көлемді мәтіндер берілген. Оқушы мәтінді тез, сауатты оқуға машықтанады және танымдық қабілеті артады.
Таңдау курсын аяқтаған оқушылар неге қол жеткізеді: Латын әліпбиіндегі әріптерді пайдаланып сөйлем, мәтін құрастыра алады; сөздерді жазу барысында емле ережесін ескереді; латын қарпінде берілген көлемі үлкен мәтіндерді сауатты оқиды, мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді; латын әліпбиіне негізделген электронды қосымшалармен жұмыс жасай алады; оқушының жас ерекшелігіне сай берілген шығармашылық тапсырмаларды өз бетімен орындай алады; Толығымен апробация 3 «Б» сыныбында 1.09.18- 25.05.19. аралығында 4 тоқсан бойында өткізілді. Ал нәтиже қалай болды: оқу жылының екінші жарты жылдығында «Латын графикасына саяхат» 3 – сынып оқушыларына арналған интеллектуалды танымдық ойыны ұйымдастырылды. Барлық 3 «А», 3 «Ә»,3 «В» сыныптарының арасынан эксперименттегі 3 «Б» сынып оқушыларының латын қарпінде дайындалған тапсырмаларды тез,оңай,сапалы орындайтынын,мобильді қосымшаларды тиімді,ұтымды қолданатындарын байқадық.«Жаңартылған білім мазмұнындағы инновациялық тәжірибе» атты қалалық семинарда шеберлік сабақтары берілді. Осы сабақта эксперимент оқушылары өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. 31 наурыз 19ж. «Повышение качества образования – важнейшее условие формирования и развития функциональной грамотности школьников» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында бастауыш сынып мұғалімдеріне аталған таңдау курсы таныстырылып,тәжірибеде таратылды. Эксперимент қатысушыларының нәтижесін бақылау мақсатында оқу жылының аяғында оқу жылдамдығы мен жазу сауаттылығы тексерілді. Нәтижесінде оқу жылдамдығы 66,6%, жазу сауаттылығы 91,6% көрсетті.
Қорытынды. Аталған пысықтаулар жүйелендірілген және қаланың білім беру ұйымдарымен оқу-тәрбие процесінде тәжірибеде қолдануға болады. Эксперимент нәтижелері 2020 жылдың 20 ақпанында "Латын әліпбіине көшу - біздің тәжірибемізде" атты қалалық семинарда, Өрлеу АҚБАО ұйымдастыруымен болған «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты дөңгелек үстелде, «Латынға көшу жұмыстары білім мекемелерінде» атты облыстық тамыз конференциясында ұсынылды.
Шешім. Эксперимент бағдарламасын іске асыру барысында мектеп қол жеткізген оң нәтижелерді ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау» эксперименті өзінің жұмысын осы 2019 – 2020 оқу жылында сапалы аяқтады деп саналсын.
Мектеп директоры: Молдахаликов А.Н.
Эксперимент алаңының жетекшісі: Ергалиева М.А.
Орындаған: директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ергалиева Ментай Амановна, 87015956251, 87142564622.
"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі" ММ базасында "Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау" тақырыбы бойынша эксперименттік қалалық алаң 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2020 жылдың 31 мамырына дейін жұмыс істеді.
Өз қорқынышыңды қалай жеңуге болады
Қорқыныш – бұл әрбір адамға тән шынайы сезім. Алайда қорқыныш саған өз мақсаттарыңа қол жеткізуге кедергі келтірсе немесе күйзеліске түсуге мәжбүр етсе, онда басын ашу керек! Біз саған ол үшін не істеуге болатындығын айтып береміз.
1. ТҮСІН
Сен дәл неден және неліктен қорқатыныңды түсінуге тырыс. Сенің қорқынышыңның себебі шынайы ма? Дәл не нәрсе саған жайсыздық әкеледі? Сен өз қорқынышыңды тапсаң, саған оны жеңу әлдеқайда оңайға түседі.
2.ТЫНЫС АЛ
Егер де күтпеген жерден қорқынышты бір нәрсемен бетпе-бет кезігіп қалсаң, саған қарапайым тыныс алу техникасы көмектеседі. Тынысыңды ішіңе тартып тоқта да, онға дейін сана, сосын деміңді шығар. Содан кейін үш секунд бойы мұрныңмен дем алып, аузыңмен жәйлап шығар. Тыныс алу барысында сенің денең мен ойың қалай босаңсығанын және қалыпты күйге келгенін сезін.
3. АЙТ
Өзіңнің қорқынышың туралы басқа біреумен бөлісу туралы ойдың өзі, сенің үрейіңді ұшыруы мүмкін, дегенмен де мұндай қадам саған әжептәуір көмектесуі мүмкін. Жақын досыңа немесе туғаныңа сенім білдір – кейде өзіңнің қиыншылығың туралы біреуге жәй ғана айтудың өзі өміріңді әлдеқайда жақсартуы мүмкін.
4. ЖАЗ
Егер де өзіңнің қорқынышың туралы айту – сен үшін ең соңғы шара болса, онда ол туралы жаз. Күнделік жазу саған өзіңнің қорқынышың мен оның жасырын себептері туралы әлдеқайда жақсы түсінуге көмектеседі.
5. ПОЗИТИВ ІЗДЕ
Өзіңнің қорқынышыңнан әлдебір позитивті және пайдалы нәрсе табу – қиындау, бірақ тиімді. Көпшіліктің алдына шығып өнер көрсетер алдында мазасызданасың ба? Өз ойларың туралы көпшілік адаммен бөлісу мүмкіндігі кез-келген адамда бола бермейтіндігі туралы ойла. Ұшудан қорқасың ба? Саяхаттай алатындығың үшін бүкіл әлемге ризашылығыңды білдір. Алғыс айту сезімі – күшті сезім, ол қорқынышты жеңуге және мазасыздануды басуға мүмкіндік береді.
Как избавиться от неуверенности
10. Держите голову выше. Шагайте прямо — спокойным и твердым шагом. Вы дадите знать миру (и себе), что с чувством собственного достоинства у вас все в порядке.
11. Улыбайтесь! Разве есть лучший способ сообщить другим, что вы счастливый, уравновешенный человек, которому есть что предложить окружающим?