Мәзір
ҚР мемлекетінің рәміздері

Қазақстан Республикасының Туы
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Әнұраны

Мектеп туралы ақпарат

Мектеп туралы ақпарат
Негізгі бет

Мемлекеттік сатып алу

Ақпарат

Халықпен жұмыс істеу

Нормативтік құқықтық акт
Азаматтарды қабылдау кестесі
Электронды үкімет порталы

Жаз - 2018

Ақпарат

Мемлекеттік қызмет

Ақпарат

Норм-құқ. құжаттар

Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
Бала Құқықтары туралы конвенция
Бiлiм туралы
Конституция – еліміздің Негізгі Заңы Ол туралы тарихи – танымдық түсініктер
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» түсіндірме

Әдістемелік қызмет

«МИФ» әдістемелік бірлестігі
«НҰР» (ҚАЗАҚ ТІЛІ, ТАРИХ, ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ) ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі
Мектеп алды және бастауыш әдістемелік бірлестігі

Нұсқаулықтар

Баланы ұрып тәрбиелеуге бола ма?
Ережелер
Ата-аналар үшін жадынама
Сынып жетекшілер мен мұғалідерге ұсыныстар
ҰБТ 2017
Оқушыларға арналған қызықты тесттер

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Қамқоpшылық кеңес

Ақпарат

МДС

Ақпарат

Сабақ кестесі
1-ші ауысым

1 Сабақ - 08:00 - 08:40
2 Сабақ - 08:45 - 09:25
3 Сабақ - 09:40 - 10:20
4 Сабақ - 10:25 - 11:05
5 Сабақ - 11:20 - 12:00
6 Сабақ - 12:05 - 12:45
7 Сабақ - 12:50 - 13:30
8 Сабақ - 13:35 - 14:15

2-ші ауысым

1 Сабақ - 13:35 - 14:15
2 Сабақ - 14:20 - 15:00
3 Сабақ - 15:15 - 15:55
4 Сабақ - 16:00 - 16:40
5 Сабақ - 16:55 - 17:35
6 Сабақ - 17:40 - 18:20
7 Сабақ - 18:25 - 19:05

Қосымша ақпарат

Сабақ кестесі

Күнтізбе
«    Май 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Күнделік
ҰБДҚ
bilimland
Электрондық үкімет
Сенім телефоны
Пайдалы сілтемелер
Наш опрос

Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился


Негізгі бет » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ























Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.



Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2


Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.


Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..


Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.


Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.