Қазақстан Республикасының Туы
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Әнұраны
Мектеп туралы ақпарат
Негізгі бет
Нормативтік құқықтық акт
Азаматтарды қабылдау кестесі
Электронды үкімет порталы
Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
Бала Құқықтары туралы конвенция
Бiлiм туралы
Конституция – еліміздің Негізгі Заңы Ол туралы тарихи – танымдық түсініктер
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
«МИФ» әдістемелік бірлестігі
«НҰР» (ҚАЗАҚ ТІЛІ, ТАРИХ, ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ) ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі
Мектеп алды және бастауыш әдістемелік бірлестігі
Баланы ұрып тәрбиелеуге бола ма?
Ережелер
Ата-аналар үшін жадынама
Сынып жетекшілер мен мұғалідерге ұсыныстар
ҰБТ
Оқушыларға арналған қызықты тесттер
2019-2020 оқу жылына арналған инновациялық және эксперименталды қызметінің талдауы
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы
№9 орта мектебі» ММ
2019-2020 оқу жылына арналған мектепте білім беру кеңістігінде
инновациялық-эксперименттік қызметті ұйымдастыру туралыҚостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 20.09.19 жылғы № 1181 бұйрығы
Эксперимент мақсаты: оқушыларға латын әліпбиінің тарихын, сөздердің түрленуінен, тіл категориялары, грамматика салалары, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтары туралы түсінік бере отырып, оқытуда даралауға және өз пікірін еркін жеткізуге, ойын жүзеге асыруға бағдарлау, мобильді қосымшаларда еркін жұмыс жасауға, емле ережелерін ескере отырып латын әліпбиінде сауатты жазуға,оқуға машықтандыру, ұжым мұғалімдері, ата-аналар арасында латынға көшу жұмыстарын насихаттау.
Эксперимент міндеттері:Оқушының жалпы ой-өрісін жетілдіретін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын, байқағыштық қабілетін арттыруға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізу. Латын әліпбиі бағдарламасы талап еткен грамматикалық мағлұматтарды жете меңгерту. Оқушылардың пән негізін терең қабылдауын қамтамасыз ету. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушы шығармашылықпен жұмыс істейді; өз бетінше ізденеді, қажетті ақпаратты жинайды; латын қарпінде сауатты жазуға, оқуға дағдыланады; мобильді қосымшаларда жұмыс жасай отырып, бәсекелестікке үйренеді. Жинақталған тәжірибені облыс, қала көлемінде бөліседі.
Жыл бойы эксперимент алаңының жоспары бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. «Латын графикасына саяхат» атты таңдау курсы дайындалып,4Б сыныбында үйірме жұмысы жүргізілді. Эксперимент қатысушылары 15 оқушы. Былтырғы оқу жылында бір ғана сыныпта латын әліпбиін үйрену бойынша үйірме болса,биылғы оқу жылында 9 сыныпта яғни 1а,ә,б,в, 4а,ә,б,в және 2в сыныбында үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, латын әліпбиіне үйрету жүргізіліп келді. «Латын әліпбиіне көшу мәселесі» атты желтоқсан айында 1-8 сыныптарға арналған мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болды. Барлығы 115 ата-ана қатысты. Мақсаты: латын әліпбиін насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Баяндаманы облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушысы және тренері Талапова Г.М. оқыды.Жиналыс соңында алғыстарын айтып, қажетті мәлімет алғандарын білдірді. Қараша айында қазақ мектептерінің қатысуымен «АТАЖҰРТ» интеллектуалды байқауы өткізілді. Былтырғы оқу жылында 9 мектеп қатысса,биыл 11 мектеп қатынасты. Әрине бұл байқауда да латын әліпбиіндегі мобильді қосымшалармен жұмыс жасалып, насихаттау жұмыстары жалғасты.Өрлеу АҚБАОұйымдастыруымен болған дөңгелек үстелде «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» біздің эксперимент алаңының жұмыстары таныстырылды.
Эксперимент алаңының тәжірибесімен бөлісу мақсатында Ергалиева М.А. «Қостанай таңы», Жумагулова Г.Б., «Қостанай даусы» газеттеріне мақала жариялады. Желтоқсан айында мектепте «Латынға көшу жұмыстарын ұйымдастыру және насихаттау» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Алаң жұмыстарындағы тәжірибесімен Ергалиева М.А., Якупова Н.А. бөлісті. «Латын графикасына саяхат» атты 3-сынып оқушыларына арналған интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.Ақпан айында қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес біздің мектебімізде «Латын әліпбиіне көшу – біздің тәжірибемізде» атты қалалық семинар өткізілді. Қала мектептерінен 28 мұғалім қатысты. Семинар барысында 8 сабақ көрсетіліп мына бастауыш сынып мұғалімдері латын әліпбиін меңгерту тәжірибелерімен бөлісті.(Макенова Б.Н., Түлкенова А.М., Жакаева А.Б., Баймухамбетова ж.К., Досанова Г.Н., Досбаева Г.Г., Якупова Н.А.). Және де эксперимент жетекшісі Ергалиева М.А. мынадай іс-шараларға қатысып, эксперимент алаңындағы жүргізіліп жатқан тәжірибесімен бөлісіп отырды:
«Қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа емле ережелерін түсіндіру» облыстық семинар. Қазан 2019. Сертификат №138.
«Қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа емле ережелерін түсіндіру» атты облыстық семинар. Қазан 2019
Облыстық тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырған «Қостанай облысының білім беру мекемелерінде қазақ тілінің латын графикасына көшуі» дөңгелек үстел. Қараша 2019.
Өрлеу АҚБАОұйымдастыруымен болған дөңгелек үстелде «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» біздің эксперимент алаңының жұмыстары таныстырылды.
Эксперимент жетекшісі Ергалиева М.А. және үйірме жетекшісі Якупова Н.А. екеуі бірігіп 3-сыныпқа арналған «Латын әліпбиін үйренейік» таңдау курсын жасап шығарды. Және наурыз айында облыстық оқу әдістемелік кеңеске ұсынылды.
Нәтижесі қаралып жатыр.Таңдау курсы мынадай жинақтан құрастырылды:
Бұл құрал 3- сынып оқушыларының латын графикасын оқуға, жазуға бағытталған. Бағдарламада жылдық, апталық сағат саны, тақырыптары,әр тақырыптың меңгерілу мақсаты көрсетілген. Жұмыс дәптерінде кестемен жұмыс, сөзжұмбақ, жұмбақтар , ребус шешу, сөздерді сәйкестендіру, мәтінге ат қою, мәтінді толықтыру сияқты тапсырмалар қамтылған.Тапсырмалардың мазмұны тіл және сөйлеу, сөйлеу мәдениеті,дыбыс және әріп, буын, дыбыс үндестігі, мәтін, сөз таптары, сөйлемнің бірыңғай мүшелері, мақал-мәтелдерді қамтиды. Ережелер жинағында оқушы емле ережелерін ескереді. Жинақ толығымен оқушының латын әліпбиін үйреніп шығуына бағытталған. Мәтіндер жинағында әр оқушының оқу дағдысының қалыптасуына бағытталған көлемді мәтіндер берілген. Оқушы мәтінді тез, сауатты оқуға машықтанады және танымдық қабілеті артады.
Таңдау курсын аяқтаған оқушылар неге қол жеткізеді: Латын әліпбиіндегі әріптерді пайдаланып сөйлем, мәтін құрастыра алады; сөздерді жазу барысында емле ережесін ескереді; латын қарпінде берілген көлемі үлкен мәтіндерді сауатты оқиды, мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді; латын әліпбиіне негізделген электронды қосымшалармен жұмыс жасай алады; оқушының жас ерекшелігіне сай берілген шығармашылық тапсырмаларды өз бетімен орындай алады; Толығымен апробация 3 «Б» сыныбында 1.09.18- 25.05.19. аралығында 4 тоқсан бойында өткізілді. Ал нәтиже қалай болды: оқу жылының екінші жарты жылдығында «Латын графикасына саяхат» 3 – сынып оқушыларына арналған интеллектуалды танымдық ойыны ұйымдастырылды. Барлық 3 «А», 3 «Ә»,3 «В» сыныптарының арасынан эксперименттегі 3 «Б» сынып оқушыларының латын қарпінде дайындалған тапсырмаларды тез,оңай,сапалы орындайтынын,мобильді қосымшаларды тиімді,ұтымды қолданатындарын байқадық.«Жаңартылған білім мазмұнындағы инновациялық тәжірибе» атты қалалық семинарда шеберлік сабақтары берілді. Осы сабақта эксперимент оқушылары өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. 31 наурыз 19ж. «Повышение качества образования – важнейшее условие формирования и развития функциональной грамотности школьников» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында бастауыш сынып мұғалімдеріне аталған таңдау курсы таныстырылып,тәжірибеде таратылды. Эксперимент қатысушыларының нәтижесін бақылау мақсатында оқу жылының аяғында оқу жылдамдығы мен жазу сауаттылығы тексерілді. Нәтижесінде оқу жылдамдығы 66,6%, жазу сауаттылығы 91,6% көрсетті.
Қорытынды. Аталған пысықтаулар жүйелендірілген және қаланың білім беру ұйымдарымен оқу-тәрбие процесінде тәжірибеде қолдануға болады. Эксперимент нәтижелері 2020 жылдың 20 ақпанында "Латын әліпбіине көшу - біздің тәжірибемізде" атты қалалық семинарда, Өрлеу АҚБАО ұйымдастыруымен болған «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты дөңгелек үстелде, «Латынға көшу жұмыстары білім мекемелерінде» атты облыстық тамыз конференциясында ұсынылды.
Шешім. Эксперимент бағдарламасын іске асыру барысында мектеп қол жеткізген оң нәтижелерді ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау» эксперименті өзінің жұмысын осы 2019 – 2020 оқу жылында сапалы аяқтады деп саналсын.
Мектеп директоры: Молдахаликов А.Н.
Эксперимент алаңының жетекшісі: Ергалиева М.А.
Орындаған: директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ергалиева Ментай Амановна, 87015956251, 87142564622.
"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі" ММ базасында "Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау" тақырыбы бойынша эксперименттік қалалық алаң 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2020 жылдың 31 мамырына дейін жұмыс істеді.
Өз қорқынышыңды қалай жеңуге болады
Қорқыныш – бұл әрбір адамға тән шынайы сезім. Алайда қорқыныш саған өз мақсаттарыңа қол жеткізуге кедергі келтірсе немесе күйзеліске түсуге мәжбүр етсе, онда басын ашу керек! Біз саған ол үшін не істеуге болатындығын айтып береміз.
1. ТҮСІН
Сен дәл неден және неліктен қорқатыныңды түсінуге тырыс. Сенің қорқынышыңның себебі шынайы ма? Дәл не нәрсе саған жайсыздық әкеледі? Сен өз қорқынышыңды тапсаң, саған оны жеңу әлдеқайда оңайға түседі.
2.ТЫНЫС АЛ
Егер де күтпеген жерден қорқынышты бір нәрсемен бетпе-бет кезігіп қалсаң, саған қарапайым тыныс алу техникасы көмектеседі. Тынысыңды ішіңе тартып тоқта да, онға дейін сана, сосын деміңді шығар. Содан кейін үш секунд бойы мұрныңмен дем алып, аузыңмен жәйлап шығар. Тыныс алу барысында сенің денең мен ойың қалай босаңсығанын және қалыпты күйге келгенін сезін.
3. АЙТ
Өзіңнің қорқынышың туралы басқа біреумен бөлісу туралы ойдың өзі, сенің үрейіңді ұшыруы мүмкін, дегенмен де мұндай қадам саған әжептәуір көмектесуі мүмкін. Жақын досыңа немесе туғаныңа сенім білдір – кейде өзіңнің қиыншылығың туралы біреуге жәй ғана айтудың өзі өміріңді әлдеқайда жақсартуы мүмкін.
4. ЖАЗ
Егер де өзіңнің қорқынышың туралы айту – сен үшін ең соңғы шара болса, онда ол туралы жаз. Күнделік жазу саған өзіңнің қорқынышың мен оның жасырын себептері туралы әлдеқайда жақсы түсінуге көмектеседі.
5. ПОЗИТИВ ІЗДЕ
Өзіңнің қорқынышыңнан әлдебір позитивті және пайдалы нәрсе табу – қиындау, бірақ тиімді. Көпшіліктің алдына шығып өнер көрсетер алдында мазасызданасың ба? Өз ойларың туралы көпшілік адаммен бөлісу мүмкіндігі кез-келген адамда бола бермейтіндігі туралы ойла. Ұшудан қорқасың ба? Саяхаттай алатындығың үшін бүкіл әлемге ризашылығыңды білдір. Алғыс айту сезімі – күшті сезім, ол қорқынышты жеңуге және мазасыздануды басуға мүмкіндік береді.
Как избавиться от неуверенности
10. Держите голову выше. Шагайте прямо — спокойным и твердым шагом. Вы дадите знать миру (и себе), что с чувством собственного достоинства у вас все в порядке.
11. Улыбайтесь! Разве есть лучший способ сообщить другим, что вы счастливый, уравновешенный человек, которому есть что предложить окружающим?