Мәзір
ҚР мемлекетінің рәміздері

Қазақстан Республикасының Туы
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Әнұраны

Мектеп туралы ақпарат

Мектеп туралы ақпарат
Негізгі бет

Мемлекеттік сатып алу

Ақпарат

Халықпен жұмыс істеу

Нормативтік құқықтық акт
Азаматтарды қабылдау кестесі
Электронды үкімет порталы

Жаз - 2018

Ақпарат

Мемлекеттік қызмет

Ақпарат

Норм-құқ. құжаттар

Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
Бала Құқықтары туралы конвенция
Бiлiм туралы
Конституция – еліміздің Негізгі Заңы Ол туралы тарихи – танымдық түсініктер
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» түсіндірме

Әдістемелік қызмет

«МИФ» әдістемелік бірлестігі
«НҰР» (ҚАЗАҚ ТІЛІ, ТАРИХ, ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ) ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі
Мектеп алды және бастауыш әдістемелік бірлестігі

Нұсқаулықтар

Баланы ұрып тәрбиелеуге бола ма?
Ережелер
Ата-аналар үшін жадынама
Сынып жетекшілер мен мұғалідерге ұсыныстар
ҰБТ 2017
Оқушыларға арналған қызықты тесттер

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Қамқоpшылық кеңес

Ақпарат

МДС

Ақпарат

Сабақ кестесі
1-ші ауысым

1 Сабақ - 08:00 - 08:40
2 Сабақ - 08:45 - 09:25
3 Сабақ - 09:40 - 10:20
4 Сабақ - 10:25 - 11:05
5 Сабақ - 11:20 - 12:00
6 Сабақ - 12:05 - 12:45
7 Сабақ - 12:50 - 13:30
8 Сабақ - 13:35 - 14:15

2-ші ауысым

1 Сабақ - 13:35 - 14:15
2 Сабақ - 14:20 - 15:00
3 Сабақ - 15:15 - 15:55
4 Сабақ - 16:00 - 16:40
5 Сабақ - 16:55 - 17:35
6 Сабақ - 17:40 - 18:20
7 Сабақ - 18:25 - 19:05

Қосымша ақпарат

Сабақ кестесі

Күнтізбе
«    Август 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Күнделік
ҰБДҚ
bilimland
Электрондық үкімет
Сенім телефоны
Пайдалы сілтемелер
Наш опрос

Лучший из новостных
Неплохой движок
Устраивает ... но ...
Встречал и получше
Совсем не понравился




20
05
«Қауіпсіз жаз» акциясы
Рейтинг:
Категория: Информация

«ҚАУІПСІЗ ЖАЗ» акциясы

 

     Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды. Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата- ананың, мұғалімдер қауымының төл міндеті десек  те осынау маңызды істе тәртіп сақшыларының да  шет қалмауы тиіс осыған орай  жазғы мектеп демалысы уақытында, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың  алдын –алу  және ескеру мақсатында, сондай-ақ «Қауіпсіз жаз» акция  аясының шеңберінде  ағымдағы жылдың  мамыр айының 15 күні. «Қостанай қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» мемлекттік  мекемесі мектеп алды  даярлық тобының оқушыларына Қостанай қаласы ПБ СПБ ЮПТ КТІжБ  қызметкері мектеп инспекторы полиция қатарындағы Агадилова А.В. болашақ  оқушыларға  жолда жүру  қауіпсіздік  ережелері түсіндірді. Бүлдіршіндерге  бағдаршам түстері мен «жаяу жүргіншілер» мен «stop» ескерту  белгілері түсіндірілді.

«Қауіпсіз жаз» акциясы

 

«Қауіпсіз жаз» акциясы

 

«Қауіпсіз жаз» акциясы

 

Просмотров: 192
Комментариев: 2
09
04
Ата-аналарға
Рейтинг:
Категория: Нұсқаулықтар

Ата-аналар мен мұғалімдер үшін БЖБ және ТЖБ

 

Просмотров: 210
Комментариев: 3
07
03
Ал, кәнекей әжелер!
Рейтинг:
Категория: Информация

Ал, кәнекей әжелер!

       Шырайлы көктемнің ең әдемі мерекесі Наурыз мейрамына орай Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебінде «Ал, кәнекей әжелер!» сайысы өтті. Ерекше байқауға бастауыш сынып оқушыларының әжелері қатысты. Барлығы сегіз әже бақ сынап, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға барынша тырысты. Мысалы, алғашқы кезеңде әжелердің өздерін таныстыруларына мүмкіндік берілген болатын. Одан кейінгі  «көтерейік көңілді  ән – жырменен» кезеңінде өнерлерін көрсетіп, «Ою оя білесіз бе?» кезеңінде қолөнер шеберліктерін ортаға салды. «Өнерлі саусақтар» деп аталатын кезеңде үй тапсырмасын қаншалықты орындағандарын көрсетіп, «Сыр сандық» кезеңінде алдын – ала әзірленген сұрақтарға жауап берді. Осындай қызықты да күрделі кезеңдердің ішінде « Сыр сандыққа»  жасырылған сұрақтар ерекше есте қалды. Сол кезеңде әжелерге «Тілашар» қай кезде жасалады?, «Байғазы»деген не?, «жсаудың мағынасын түсіндіріңіз», «тымаққа салу дегеніміз не?» - деген сияқты ұлттық салт – дәстүрімізге қатысты сан алуан сауалдар қойылды. Әжелеріміз бұл сынақтан сүрінбей өтіп, ежелгі дәстүрімізді жетік білетіндерін дәлелдеп берді. Әрбір тапсырманың соңында өнерпаз оқушылар өнер көрсетті. Айлана Шарипова «Нар Агачи» күйін тартып, Дария Мұратбек «мама» әнін, Камила Сапарбекова «Сәулем – ай» әнін нақышына келтіре шырқады. Ал әжелеріміздің өнері мен білімін ұстаздардан құралған қазылар алқасы бағалады. Сайыстың қорытындысында 4 «А» сыныбының әжесі Зайкүл Набетайқызы бірінші орынға, 2 «А» сыныбының әжесі Айжамал Құрманбекқызы екінші орынға, 2 «Б» сыныбының әжесі Асылгүл Темірғалиқызы  үшінші орынға ие болды.

 Анар Оразмағамбетова Қостанай қаласы

Просмотров: 251
Комментариев: 6
28
02
Буккроссинг!
Рейтинг:
Категория: Информация
Просмотров: 249
Комментариев: 3
14
02
Адалдық акциясы
Рейтинг:
Категория: Информация

«Ғ.Қайырбеков атындағы 9 орта мектеп» ММ адалдық акциясының қорытындысы туралы ақпарат»

     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Саналы ұрпақ» жобасы аясында оқу орындарында «Адалдық акциясын» акциясын ұйымдастыруда. Аталған акцияның басты мақсаты - оқушылар арасында адалдық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастыру. Мұндай қасиеттердің әр баланың бойында болуы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуде үлкен рөлге ие.

     Осыған орай Ғ.Қайырбеков атындағы  №9 орта мектебінде мұндай адалдық акциясы өткізілді.

 

Просмотров: 309
Комментариев: 4
29
01
«Интернетсіз бір күнім»
Рейтинг:
Категория: Информация

      Интернетке тәуелділіктен құтылу үшін, әрбір уақытынды жоспарсыз өткізбей тиімді пайдалана білу керек. Бостан бос ұялы телефонға телміріп қажетсіз ақпараттарды ақтарып отырудың орнына мен өзіміздің шеберлігімізді арттыру қажет. Яғни, бұл уақытты тиімді өтуіне септігін тигізу.  2019 жылдың 27 қаңтар күніне орай  Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектепте «Интернетсіз бір күнім» акциясы өтті. Акцияның мақсаты бойынша ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылып, әңгіме жүргізілді. Бастауыштың 1-4 сынып оқушылары  арасында суреттер конкурсы ұйымдастырылды. Ал 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен offline» атты эссе конкурсы ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде оқушыларды мадақтама қағаздарымен марапаттады.

 

Просмотров: 26325
Комментариев: 14631

    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бекіткен жоспарға сәйкес, Қостанай  облысы , Қостанай қаласы  әкімдігінің  Ғ.Қайырбеков атындағы  № 9 орта мектебінде 2018 жылдың 26 желтоқсанында  «Адалдық» акциясы  өтті.

     Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жұмыстарын күшейту, жас ұрпақ пен барша қоғамды  жемқорлықтан аулақ жүруге шақыру.

      Мектеп  асханасында өткен акцияға оқушылар,мұғалімдер және асхана қызметкерлері   белсене қатысты.

      Акцияға қатысушылар «Адал және сатылмайтын еңбек» атты  тілектер тақтасына сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша өз ұсыныстары мен талап-тілектерін қалдырды, сонымен қатар «Жемқорлық тізбегін үз» ақпараттық парақшалары таратылды. Оқушылар пара беру және алу түсініктеріне байланысты сұрақтар қойса,  мұғалімдер  сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға байланысты шараларға ойларын білдірді.

     Адал жолды, таза жолды, сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін, барлық  қатысушыларды  осы ортаға жұмылдыра отырып  жүргізілген акцияда оқушылар өздері үшін көптеген мағлұматтар алды.


 

 

  

 

 

 

 

 

Просмотров: 1361
Комментариев: 137
15
01
«Қош келдің – Жаңа жыл»
Рейтинг:
Категория: Информация

     Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Ертегідегі керемет пен ұшқыр қиялдың шарықтар сәті – Жаңа жыл болғандықтан, үлкен мен кіші де бұл мерекені асыға күтеді. Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мктебінде желтоқсанның 25-27 күндері МДС және 1-11 сынып оқушылары арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне Ата-аналар комитеті, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ахметова М.Н. және мектеп мұғалімдері белсене қатысты. Мереке қарсаңында мектеп акт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Жасыл шырша жанына жиналған балалардың қуанышын бөлісуге ертегі кейіпкерлері арнайы барып, жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Мектеп мұғалімдері балалар үшін түрлі кейіпкерлердің рөлдерін сомдап, балаларды таңқалдырды. Олар жасыл шырша айналып, ән айтып, би билеп Аяз Ата мен Ақшақарды ортаға шақырды. Шыршаны жағып, Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарын жатқа оқыды. Балалар қызықты көріністерді тамашалап, ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты ойынға қатысты. Аяз Ата мен Ақшақарға өнерімен дараланған балаларға сыйлықтар табыс етіп, мерекенің шырайын ашты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді.  Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Мереке  соңында  қатысқан  оқушыларға  түрлі  сыйлықтар тарту етілді.

«Қош келдің – Жаңа жыл»

 

 

Просмотров: 319
Комментариев: 4
15
01
«Тәуелсізік - тірегім»
Рейтинг:
Категория: Информация

    Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын жас ұрпақ ерте бастан сіңіруі тиіс. Мектеп қабырғасындағы оқушылар осыны ұғынуы керек. Осы мақсатта қаламызда Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні аталып өтілді. Оған мектеп оқушылары мен мектеп қызметкерлері қатысты. Тәуелсіздік туралы көптеген мағлұматтар айтылып, көптеген құттықтау сөздері де айтылды. Егеменді елдің жылнамасын жас ұрпақ жадына сіңіруі тиіс. Мерекелік іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, тәуелсіздік қарсаныңда ән айтып, патриоттық билер де биледі. Мектептің кішкентай бүлдіршіндерінен бастап 11 сынып оқушыларына дейін барлығы да концертте ат салысып катысты. Салтанатты кеште оқушылар Қазақстан тарихынан көріністер қойып, сыр шертті. Мектебіміздің директоры Молдахаликов А.Н. сан ғасырлар бойы аңсаған, соған қол жеткізіп келген барша мұғалімдер мен қонақтарды құттықтап, жас ұрпаққа насихат лебіздерін білдірді. Себебі, бұл – бабаларымыздың асқақ рухы алдында, жан алысып, жан беріскен аманаты алдында тағы бір тағзым ететін тарихи күн. Жиын соңына мұғалімдер мен оқушылар естелікке фотоға түсті.

 

«Тәуелсізік - тірегім»

   

«Тәуелсізік - тірегім»

Просмотров: 307
Комментариев: 6

     «Бұл өмірде барлық адамдар білім алуға құқылы және сол білімнің жемісін көруге тиіс». Бұл сөздер ХІХ ғасырда Фридрих Энгельсонмен айтылған және де өзінің көкейтестілігін ХХІ ғасырда да жалғастыруда. 2008 жылы мектеп жасындағы оқушылардың мектепке дайындықпен келуіне қайырымдылық көрсету жолында Қазақстанда жалпы республикалық «Мектепке барар жол» акциясы өз жұмысын бастады.

      Жыл сайын қаржылай және материалдық көмек көрсету жолында аз қамтылған отбасындағы балаларға «Мектепке барар жол» акциясы өткізіледі.  Бұл акцияның мақсаты көп балалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға, жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету және 1 қыркүйекке әлеуметтік себептерге байланысты баланың оқуға келмеуін ескерту болып табылады.

     Акция барысында жаппай оқыту білім қорынан  оқушыларға кеңсе тауарлары , мектепке қажетті киімдермен қамтамассыз етілді. 125000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.  Ақция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. №9 Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектеп ұжымы да осы акция барысында назардан тыс қалмай өз үлестерін қосты. Дом.Культура,Отдел Ветенарии,Акимат, Пкд.коллектив алғысымыз шексіз. Жоғарыда аталып өткен ұйымдарға мектеп және ата-аналар тарапынан қолдау көрсеткендері үшін алғысымыз шексіз.

  

   №9 Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі. Әлеуметтік

педагогы Кошенова К.Ж.

Просмотров: 501
Комментариев: 21